Мемлекеттік рәміздер біздің тәуелсіздігімізді бейнелейді, патриотизм деңгейін білдіреді. Оларға деген көзқарасымыздан-ақ біз өз елімізді жақсы көреміз бе, жоқ па деп те айтуға болады.
Мемлекеттік органдардың идеологиялық жұмысының негізгі бағыттарының бірі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын, Мемлекеттік Гимнін насихаттау жөніндегі жұмыс болып табылады. Патриоттық тәрбиеде оларды қолданудың негізгі атрибуттарын дұрыс пайдалану мәселелері бірінші кезектегі мәселе болып табылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні қарсаңында ағымдағы жылдың 21 мамырында Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында “Нұр парапсат” қоғамдық бірлестігі ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша өңірдің мемлекеттік мекемелерінің басшыларына елдің басты атрибуттарын пайдалану және насихаттау мәселелері бойынша семинар-тренинг өткізді.
Семинарға қатысушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау саласындағы соңғы Нормативтік-құқықтық құжаттармен танысты, тыңдаушыларға Мемлекеттік Туды, Мемлекеттік Елтаңбаны пайдалану мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.

Семинардың модераторы Қарағанды және біздің облысымызда танымал “Қазақстан азаматтары” қоғамдық бірлестігі жобаларының жетекшісі, мемлекеттік саясатты, Ел Президентінің жыл сайынғы жолдауларын түсіндіру және насихаттау жөніндегі лектор, мемлекеттік рәміздердің мониторингі жөніндегі Қарағанды облыстық сараптамалық тобының мүшесі Кабулова Шахмарал Майбекқызы болды
Семимнардың жұмысына келесі мемлекеттік мекемелердің өкілдері – білім бөлімі ,мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі,дене шынықтыру және спорт бөлімі, мұрағаттар және құжаттама бөлімі, тұрғын үй инспекциясы және ТКШ бөлімі және т. б., сондай-ақ өңірдің білім беру мекемелері әкімшіліктерінің өкілдері-жалпы білім беретін мектептер №9,№3,№25,№7,№5,№4, № 1 және т.б. ұжымдар белсенді қатысты. Семинар жұмысына құқық қорғау органдарының және де қалалық соттың қызметкерлері де қатысты. Семинар-тренингпен барлығы 50-ден астам адам қамтылды.
