ЖОЛДАУ –ЕЛДІҢ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БАСТЫ ҚҰЖАТЫ

Жаңалықты бөлісіңіз:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт КемелұлыТоқаевтың Қазақстан халқына дәстүрлі ЖолдауыМемлекетіміздің дамуына негізгі басты бағыт.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев«Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты мақаласында ел дамуының негізгі бағыттарыайқындалды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтыңстратегиялық бағыты қазақ қоғамының барлықсалаларын кешенді реформалауға бағытталған.

Жалпы әр Жолдаудың мән-маңызы, мақсатыерекше, айырмашылығы да айтарлықтай. Осы Жолдауда айтылған Президент тапсырмасынорындауға жұдырықтай жұмылып, күш-біріктіріп, талапқа сай жұмыс жасау керек. Бұл Жолдауеліміздің экономикалық мәселелерге бағытталуы да тегін емес. Ел экономикасы дамыса, халықтың да әл-ауқаты, тұрмыс-тіршілігі нығайып, болашаққасенімдері арта түсері анық.

Өз Жолдауында президентіміз еліміздің жаңаэкономикалық модельге көшетінін мәлімдеді. Қазіргі таңда Президенттік сайлауалдыбағдарламасында көрсетілген мақсаттар мен жоспарлардың басым бөлігі орындалды. Мемлекеттің әлеуметтік саласында халықтыңжағдайын жақсартуға бағытталған шаралардан оңнәтижелер байқалуда. Экономикалық саладағыөзгерістер мен саяси реформалардың көрінісіхалықтың қолдауын қажет етеді.  

2020 жылдан бері дәрігерлердің айлығы да айтарлықтай көбейді. Қазір олардың табысыеліміздегі орташа жалақыдан әлдеқайда жоғары. Жұртқа зейнетақы жинағының бір бөлігінпайдалану мүмкіндігі берілді.

Миллионға жуық адам осы жобаның игілігінкөрді – тұрғын үй мәселесін шешіп, баспаналыболды. Қазір ауылдық жерде 300-ден астамденсаулық сақтау нысаны салынып жатыр. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қолға алынды. Соның арқасында жаңа жылдан бастап балалардыңесепшотына қаражат түсе бастады. Шын мәнінде, көп жұмыстар атқарылды, болашақта да өзжалғасын табады деген сенімім жоғары.

Бұл Жолдаудың басты ерекшелігі – берілгентапсырмалардың нақты мерзімге қойылуында. Олар бір жағынан қысқа, екінші жағынан орташақысқа мерзімнің айқындалуымен айшықталған. Жыл сайынғы Жолдаулардың басты проблемасы – олар үнемі бірінің үстіне бірі қабаттасып отыратын, кейбір жаңа мақсаттар мен міндеттер басқаЖолдаулардың алдыңғы мақсаттары мен міндеттеріне үстемеленіп, ал алдыңғы тапсырмаларорындалу барысы туралы есеп берілмейтін. БұлЖолдау ондай емес. Яғни, ұмытылған миссияғажол берілмейтіндігін көрсетті. Сонымен қатар бұлЖолдау биылғы жылда атқарылған ісшараларғабұқара халық алдында берілген есеп ретінде де ерекшеленді.

Ізтөлеу ТҮСІПОВ,

қоғам белсендісі

Сарыарқа» Ұлытау облыстық газетінен)

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *