Қазақстан мен Орталық Еуразия өңіріндегі 150-ден астам ұйымның топ-менеджерлері жасанды интеллект саласында білім алуға мүмкіндік алды. «AI Leaders 2026» атты жаңа флагмандық бағдарлама Stanford University Human-Centered Artificial Intelligence (HAI), OpenAI Academy және Silkroad Innovation Hub серіктестігімен жүзеге асырылуда.
Бағдарлама академиялық білім мен практикалық дағдыларды ұштастырып, қатысушыларға өз ұйымдары үшін нақты ЖИ-стратегия әзірлеуге мүмкіндік береді. Оқу процесін әлемге танымал ғалым Питер Норвиг басқарады.
Қатысушылар қатарында «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек», Қазақстан Ұлттық Банкі, сондай-ақ Kaspi.kz, Halyk Bank, Freedom Holding сияқты ірі компаниялар бар.
Бағдарлама үш кезеңнен тұрады: ЖИ негіздерін меңгеру, құралдармен жұмыс істеу және нақты шешімдер әзірлеу. Оқу соңында қатысушылар халықаралық сертификат алады.




