ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ – ЕҢБЕК ҚҰНДЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

Жаңалықты бөлісіңіз:

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ – ЕҢБЕК ҚҰНДЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

Елімізде 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы ретінде жарияланып, өндіріс саласында еңбек етіп жүрген білікті мамандардың мәртебесін арттыруға, олардың кәсіби дамуына жағдай жасауға бағытталған іргелі бастамалар қолға алынуда. Бұл – экономиканың нақты секторын нығайтып, заманауи талаптарға сай жұмысшы кадрларды даярлауды күшейтуге арналған тарихи маңызы бар жыл.

Жұмысшы мамандықтар – кез келген елдің тұрақты дамуының негізі. Инженер, құрылысшы, дәнекерлеуші, электрик, механик, кенші және басқа да техникалық бағыттағы мамандар қоғамның өндірістік қуатын арттырып, инфрақұрылымның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Сондықтан олардың еңбегін бағалау, қолдау және жаңа мүмкіндіктер ұсыну – мемлекеттік саясаттың басым бағытына айналып отыр.

Жыл аясында кәсіби-техникалық білім беру жүйесін жаңғырту, оқу орындарын заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, жастарды жұмысшы мамандықтарға тарту, дуалды білім беру аясын кеңейту сияқты маңызды шаралар жүзеге асырылуда. Сонымен бірге кәсіпорындардағы еңбек жағдайын жақсарту, еңбекақы деңгейін көтеру және озық еңбек үлгісін насихаттау да басты назарда.

Жұмысшы мамандықтар жылы – тек қолданыстағы салаларды күшейту ғана емес, сонымен қатар жаңа экономикаға қажетті жоғары білікті техникалық кадрларды даярлау арқылы елдің болашағына инвестиция салу. Білікті маман – мықты мемлекет кепілі.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *