Қазақстанда еңбек адамының мәртебесін көтеру, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, жастарды кәсіптік-техникалық білімге баулу – қоғам дамуының басты бағыттарының бірі. Осы мақсатта жарияланған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өндірісте, ауыл шаруашылығында, құрылыс, қызмет көрсету саласында еңбек етіп жүрген азаматтарға айрықша назар аударылады.
Бұл бастама жас буынға кәсіби бағыт-бағдар беріп, олардың жұмысшы кәсіптеріне қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандарды даярлауға мүмкіндік туғызады. Жастардың шеберлік дағдыларын дамытуға арналған түрлі байқаулар, оқу орындары мен кәсіпорындардың бірлескен жобалары, тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылады.
Жұмысшы мамандықтарын насихаттау – елдің тұрақты дамуының кепілі. Себебі, әрбір ірі кәсіпорынның, өндірістің, тіпті күнделікті тұрмыстың негізінде еңбек адамының қолтаңбасы жатыр. Сондықтан да бұл жыл еліміздің барлық өңірінде еңбекке құрмет көрсететін, жұмысшы мамандардың мәртебесін айқындайтын кезең болмақ.