жаңалық
Пт. Ноя 7th, 2025

Жұмысшы мамандықтар жылы

Жаңалықты бөлісіңіз:

Жұмысшы мамандықтар жылы

 

2025 жыл елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бұл бастама – еңбек адамын қолдау, жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру және жастарды кәсіби білім алуға ынталандыру мақсатында жүзеге асырылып отыр.

 

Бүгінгі таңда қоғамға түрлі салада білікті мамандар қажет. Электрик, дәнекерлеуші, құрылысшы, аспаз, тігінші, механик сияқты кәсіп иелері ел экономикасының дамуына зор үлес қосып келеді. Сол себепті жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру – уақыт талабы.

 

Жұмысшы – елдің тірегі. Қол еңбегін қадірлеу, адал еңбек ету – әр азаматтың парызы. «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында кәсіптік-техникалық білім беруді дамыту, жастарды өндіріске тарту және еңбек нарығына сай жаңа оқу бағдарламаларын енгізу көзделген.

 

Ел болашағы – еңбекте. Сондықтан әрбір жас өз қабілетіне сай мамандық таңдап, еңбек етіп, қоғам игілігіне үлес қосуы тиіс.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *