Жұмысшы мамандықтар жылы

Жаңалықты бөлісіңіз:

2025 жыл – елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы ретінде жарияланды. Бұл бастама — еңбек адамын ұлықтап, жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы маңызын арттыруға бағытталған.

 

Қазіргі заманғы экономика мен өндірістің дамуы — білікті мамандарға деген сұраныстың артқанын көрсетеді. Жөндеуші, құрылысшы, дәнекерлеуші, аспаз, шаштараз, электрик секілді кәсіп иелері – ел тіршілігінің басты тірегі.

 

Біздің мақсатымыз – жастарды жұмысшы мамандықтарын таңдауға ынталандыру, кәсіптік білім беруді насихаттау және еңбек адамына деген құрметті арттыру. Бұл жыл аясында түрлі форумдар, шеберлік сабақтары, көрмелер, байқаулар мен ақпараттық кампаниялар өткізіледі.

 

Еңбек – елдің ертеңі. Жұмысшы – қоғамның жүрегі!

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *