"Атамекен" кәсіпкерлер палатасы мен Қаражал тау-кен техникалық колледжінің әлеуметтік серіктестері бірлесіп, дуальды оқыту бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттер Өркен өкілдігі «Өркен-Атасу» ЖШС шахтасына экскурсия ұйымдастырды.
Бұл іс-шара колледждің кәсіби оқыту жүйесін дамытуға бағытталған. Экскурсияға газэлектрдәнекерлеуші тобының 15 студент қатысты. Шахтада болған уақытта студенттер жұмыс процестерін көзбен көріп, әртүрлі схемалармен танысты. Олар өндірістік қауіпсіздік, шахта технологиялары мен жаңа инновациялық әдістер туралы бағалы ақпарат алды.
Студенттердің айтуынша, бұл тәжірибе теориялық білімді практикалық тұрғыдан тереңірек меңгеруге мүмкіндік берді және өз мамандықтарын жетілдіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар, кәсіпорынның жұмысын жақыннан көру, еңбек қауіпсіздігі мен өндірістік процестердің ұйымдастырылуын дұрыс түсіну студенттердің кәсіби шеберлігін арттыруға көмектеседі.
Экскурсияның өтуі — бұл колледж бен бизнес арасындағы тығыз ынтымақтастықтың нәтижесі, сонымен қатар Атамекен кәсіпкерлер палатасының қолдауы мен әріптестігінен туындаған маңызды бастама. Алдағы уақытта мұндай іс-шаралар колледждің басқа да мамандықтары бойынша да ұйымдастырылатын болады.




