№47 референдум учаскесіндегі дауыс берушілер арасынан осындай саяси науқанға алғаш рет қатысып отырған Жанат Тулеуов есімді азаматты жолықтырдық.
– Бүгін мен үшін өте маңызды күн. Себебі Тәуелсіз Қазақстанның азаматы ретінде алғаш рет дауыс беріп тұрмын. Және қандай маңызды сұрақ қойылған референдумға? Еліміздің Ата Заңын халық болып қабылдағалы жатырмыз. Керемет қой. Алғашқы дауысымның еліміздің Ата Заңына арналған референдумда берілгеніне қуаныштымын. Әрбір қазақстандық ел болашағына бейжай қарамай, осындай маңызды саяси науқандарға қатысуы керек деп ойлаймын. Мен өз таңдауымды жасап, ел болашағына аз да болса үлес қостым деп есептеймін. Бұл күн менің жадымда ерекше күн болып қалатыны анық, – дейді ол.
Мейрамкүл Саяжанқызы




