Қазақстан үшін стратегиялық маңызы зор «Жезқазған-Қарағанды» автожолын салу жобасы бойынша ірі қаржыландыру келісіміне қол қойылды.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғариннің жетекшілігімен Вашингтон қаласындағы Дүниежүзілік банк штаб-пәтерінде Ұлытау мен Қарағанды облыстарын жалғайтын 570 шақырымдық автожол құрылысына қатысты қаржыландыру мәселесі оң шешімін тапты.
Келісім «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ, Халықаралық қайта құру және даму банкі және Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі арасында жасалды.
Белгілі болғандай, жоба 2026–2029 жылдары жүзеге асырылады. Қазіргі таңда конкурстық рәсімдер қорытындылануда. Биыл жобалау жұмыстары басталып, кейін бекітілген кестеге сәйкес құрылыс кезеңіне көшу жоспарланып отыр.




