Қазақстанда 2024 жылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні ретінде аталып өтіледі. Бұл маңызды мереке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үшінші Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасына сәйкес бекітіліп, қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыруға және кітапқа деген қызығушылықты арттыруға бағытталған.
Атаулы күнге орай кітапхана ұжымы мен мемлекеттік қызметкерлер арасында «Парасат пайымы» атты интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – қатысушылардың білім деңгейін арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту және кітап оқуға деген ынтасын күшейту.
Интеллектуалды дода 4 кезеңнен тұрды:
* «Қызық екен»
* «Кітап әлемі және сурет сыры»
* «Блиц сұрақтар»
* «Фильмді үзіндіден тап»
Сайыс барысында қатысушылар «Парасат» және «Зерде» топтарына бөлініп, өзара бақ сынасты. Әр кезеңде берілген тапсырмалар мен сұрақтар қатысушылардың білімін ғана емес, тапқырлығы мен зеректігін де талап етті. Қатысушылар өз жауаптары арқылы дайындықтарының жоғары деңгейде екенін көрсетті.
Шара барысында кітаптың адам өміріндегі маңызы ерекше атап өтілді. Кітап – білімнің қайнар көзі, рухани байлықтың негізі екені тағы бір мәрте дәлелденді. Осындай интеллектуалды сайыстар арқылы жастар мен ересектердің кітапқа деген қызығушылығы артып, оқу мәдениеті қалыптасатыны сөзсіз.
Сайыс өте тартысты әрі қызықты өтті. Қатысушылардың ойлары ұшқыр, жауаптары нақты болды. Әр команда жеңіске деген ұмтылысын көрсетіп, жоғары деңгейде өнер көрсетті.
Қорытынды нәтижелер бойынша:
🥇 I орын – «Зерде» тобы иеленді.
Бұл шара қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, олардың білімін шыңдауға, ой-өрісін кеңейтуге үлкен мүмкіндік берді. Ұлттық кітап күні аясында ұйымдастырылған мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенім мол




