28 наурыз күні Халықаралық “Жер сағаты” экологиялық акциясы өтті. Бұл акция World Wide Fund for Natureұйымының бастамасымен жыл сайын өткізіліп келеді. Шараның негізгі мақсаты – энергияны үнемдеуге шақыру және экологиялық сананы қалыптастыру.
Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін бүкіл әлем бойынша адамдар жарықты өшіріп, акцияға белсенді қатысты. Бұл қарапайым әрекет арқылы әр адам табиғатты қорғауға өз үлесін қоса алады. Биылғы тақырып – елдегі экотуризмді дамыту болды.
Экотуризм табиғатты сақтаумен қатар, оны тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Туристер табиғи аймақтарға зиян келтірмей, олардың сұлулығын тамашалай алады. Сонымен қатар, бұл сала экономиканың дамуына да оң әсер етеді.
“Жер сағаты” акциясы адамдарға табиғатты қорғаудың маңыздылығын еске салады. Бұл бастама әрқайсымызды экологиялық жауапкершілікке шақырып, болашақ ұрпақ үшін таза орта сақтауға үндейді.




