Осы атаулы күнге орай Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі елдегі қалдықтарды тиімді басқару жүйесіне көшу мен қайта өңдеу инфрақұрылымын жетілдірудің өзектілігін атап өтеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында министрлік қалдықтарды басқару саласын кезең-кезеңімен жаңғыртып келеді.
Негізгі жетістіктердің бірі – 2025 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2026–2030 жылдарға арналған қалдықтардың барлық түрлерін басқару тұжырымдамасының қабылдануы. Бұл құжат сала дамуына бағыт беретін алғашқы кешенді стратегиялық негіз болып саналады.




