жаңалық
Пт. Июн 20th, 2025

ЖОЛАУШЫ – ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ФЕЛЬДШЕРІ ПОЙЫЗ ҮСТІНДЕ ӘЙЕЛДІ БОСАНДЫРЫП АЛДЫ

Жаңалықты бөлісіңіз:

2025 жылғы 27 мамырда сағат 06.00 кезінде Жезқазған-Астана жолаушылар пойызында әйел күтпеген жерден босана бастайды. Бағына қарай, жақын жерде жедел медициналық қызметтің кәсіби фельдшері, балабақшаның мейіргері және нәрестенің аман-есен туылуына көмектескен басқа да жанашыр адамдар табылады.
Таңертең еді, мен ұйықтап жатқанмын. Кенеттен селектордан босанайын деп жатқан әйелге көмек қажеттігін хабарлады. Мен басқа вагонда болатынмын, хабарландыруды естіп, әйел жатқан вагонға жүгірдім, – дейді Ұлытау облыстық денсаулық сақтау басқармасы Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының Сәтбаев қаласы бойынша бөлімшесінің фельдшері Айдана Смайылова.
Фельдшер Айдананың кәсіби және жедел әрекеттерінің арқасында әйел баланы табиғи жолмен, асқынусыз және патологиясыз дүниеге әкелді. Талаптарға сәйкес жедел медициналық жәрдем каретасы шақыртылып, “Жеңіс” станциясынан әйел мен сәби Жәйрем кенті ауруханасына жеткізілді. Сондай – ақ, босану кезінде Сәтбаев қаласындағы “Балдырған” балабақшасының мейіргері Қарлығаш Әлиева мен “Қазақмыс” корпорациясы” ЖШС инженер-экологы Жақыпбек Зарина барынша көмек көрсеткен. Қазіргі уақытта анасы мен Асылым есімді нәрестенің жағдайлары жақсы және өздерінің құтқарушыларына алғыс айтуда.
Айдана Смаилова Жезқазған қаласының жоғары облыстық медициналық колледжінің түлегі, 2018 жылдан бастап облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында еңбек етеді, ерекше баланың анасы. Ол мұндай жағдайға ол бірінші рет тап болған емес, қызмет міндетін орындау бабында бірнеше рет әйелдерді қауіпсіз босандырып алған.

Біз әріптесіміз Айдана Смайылованы мақтан тұтамыз! Ол штаттан тыс жағдайда батылдық пен табандылық танытты, ең бастысы медицина қызметкерінің – адамдардың өмірін сақтап қалу, олардың дені сау болуына көмектесу парызына адал болып қалды.

ПОПУТЧИЦА – ФЕЛЬДШЕР СКОРОЙ МЕДИЦИНСКОЙ СЛУЖБЫ ПРИНЯЛА РОДЫ В ПОЕЗДЕ
27 мая 2025 года 06.00 ч. утра в пассажирском поезде Жезказган – Астана у женщины неожиданно начались роды. К счастью рядом оказались профессиональный фельдшер скорой медицинской службы, медицинская сестра детского сада и другие неравнодушные люди, которые помогли малышу благополучно появиться на свет.
– Было раннее утро, я спала. Вдруг по селектору объявили, что необходима помощь женщине, у которой начались роды. Я была в другом вагоне, услышав объявление побежала в вагон, где находилась роженица, – говорит Айдана Смаилова, выездной фельдшер Областной станции скорой медицинской помощи Управления здравоохранения области Ұлытау по г.Сатпаев.
Благодаря профессиональным и оперативным действиям фельдшера Айданы женщина родила ребенка естественным путем, без осложнений и патологий. В соответствии с требованиями была вызвана карета скорой медицинской помощи, которая со станции «Женис» доставила женщину и младенца в больницу п.Жайрем. Также посильную помощь при родах оказали Карлыгаш Алиева, медсестра детского сада «Балдырған» г.Сатпаев и Жакыпбек Зарина, инженер – эколог ТОО «Корпорация «Казахмыс». В настоящее время мама и малышка Асылым чувствуют себя хорошо и благодарят своих спасителей.
Айдана Смаилова выпускница Высшего областного медицинского колледжа г.Жезказган, с 2018 года трудиться в областной станции скорой медицинской помощи, воспитывает особенного ребенка. Она не впервые сталкивается с такой ситуацией, по долгу службы ей неоднократно приходилось благополучно принимать роды.

Мы гордимся нашей коллегой Айданой Смаиловой, которая внештатной ситуации проявила смелость и решительность, самое главное осталось верной своему долгу медицинского работника – спасать жизни людей, помогать им быть здоровыми.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *