Жиналыс қорытындысы: ата-аналар мен ұстаздардың бірлігі – буллинг пен дроперствоның алдын алу кепілі

Жаңалықты бөлісіңіз:

Қаражал қаласында дроперство мен буллингтің алдын алу бойынша түсіндіру жиналысы өтті

Қаражал қаласында жастар мен оқушылар арасында кең таралып келе жатқан дроперство және буллинг мәселелерінің алдын алу мақсатында кең көлемді түсіндіру жиналысы ұйымдастырылды.

Іс-шараға қаланың прокуроры, ішкі істер органдарының өкілдері, сондай-ақ қалалық әкімдіктің беделді тұлғалары мен қоғам белсенділері қатысты. Кездесу барысында жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, интернет алаяқтық пен әлеуметтік желілердегі қауіптер туралы түсінік беру, сонымен қатар мектеп ортасындағы буллингтің зияны мен оның алдын алу жолдары талқыланды.

Қала прокуроры өз сөзінде жастарды құқық бұзушылықтан сақтандырудың маңыздылығына тоқталып, дроперствоның — яғни, бөтен тұлғалардың ақшалай операцияларына заңсыз араласудың қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін түсіндірді.

Ішкі істер органы қызметкері нақты мысалдар келтіре отырып, киберқылмыстың заманауи түрлері мен одан қорғану әдістері туралы баяндама жасады. Ал әкімдік өкілдері мен қоғам белсенділері жастарды өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, бір-біріне құрметпен қарауға шақырды.

Жиналыс қорытындысында қатысушылар ата-аналар мен ұстаздардың бірлескен жұмысы ғана буллинг пен дроперство сынды келеңсіз құбылыстардың алдын алуға мүмкіндік беретініне тоқталды

Мұндай түсіндіру шаралары Қаражал қаласында жүйелі түрде өткізіліп, жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және олардың қауіпсіз ортада өсуіне ықпал етпек.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *