Жезқазғанда түнгі локалдық рейд: Заң және тәртіп сақталуын қадағалау күшейтілді
Ұлытау облысының орталығы – Жезқазған қаласында «Учаске» атты жедел-профилактикалық шара аясында түнгі уақыттағы локалдық тексеру жұмыстары жүргізілді. Шараның негізгі мақсаты – #Заң және тәртіп қағидатын тұрғындар арасында нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Рейд барысында полиция қызметкерлері бірқатар бағыттар бойынша тексеріс жүргізді:
•Ойын-сауық орындарында кәмелетке толмағандардың заңмен белгіленген уақыттан кейін жүру фактілері анықталмауы қадағаланды.
•Бұрын сотталған азаматтардың түнгі уақытта үйінде болуы, олардың қоғамға бейімделуі және құқық бұзбауы назарға алынды.
•Қала аумағындағы жалдамалы пәтерлер мен күдік тудыратын мекенжайларда құқық бұзуға бейім тұлғалардың жиналмауы бақылауға алынды.
•Көшелер мен қоғамдық орындарда тәртіп бұзушылыққа жол бермеу, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз жүрмеуін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Құқық қорғау органдары осындай ауқымды профилактикалық шаралар жүйелі түрде өткізіліп тұратынын атап өтті. «Учаске» шеңберіндегі рейдтер тұрғындардың қауіпсіздігін арттырып, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған.
