Жер – стратегиялық ресурс

Жаңалықты бөлісіңіз:

Жер – стратегиялық ресурс. Оның бар игілігі елді дамытып, халықтың тұрмысын жақсартуға арнаулы керек. Мен игерілмей бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтарып, оларды қайта бөлу туралы тапсырма бердім. Бұл жұмыс – елдің экономикалық әлеуетін арттыру, азық-түлік қауіпсіздігін күшейту және ауылдық аумақтардың дамуын қолдаудың негізгі тетігі.

Алдағы уақытта жер ресурстарын тиімді басқару жүйесі түбегейлі жаңғыртылмақ. Ең әуелі, жерді пайдаланудың ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету – басты міндет. Осы мақсатта цифрлық кадастрды жетілдіру, жер учаскелерінің нақты мәртебесін анықтау және мониторинг жүргізу жұмыстары күшейтіледі. Әр гектардың тағдыры белгілі болуы тиіс: ол игеріліп жатыр ма, нақты қандай мақсатқа пайдаланылады, экономикалық қайтарымы қандай – мұның бәрі қоғамға қолжетімді ақпарат түрінде ұсынылады.

Жерді тиімді игеруге ынталандыратын жаңа тетіктер де енгізіледі. Пайдаланусыз жатқан аумақтарды қайта айналымға қосу үшін аграрлық кәсіпкерлерге, кооперативтерге және ауыл тұрғындарына қолдау көрсетіледі. Инфрақұрылым тарту, суармалы егіншілікті ұлғайту, жаңа технологияларды енгізу – осының бәрі жердің өнімділігін арттыруға бағытталады. Мемлекет бұдан былай жерді тек беріп қана қоймай, оның нақты нәтижесін бақылайтын болады. Өйткені әр гектар – ел экономикасының бір бөлшегі, ал оны тиімсіз жұмсауға жол берілмейді.

Жерді қайта бөлу жұмысында әділдік пен заң үстемдігі – негізгі қағидат. Қайтарылған жерлер ешкімнің жеке мүддесіне қызмет етпеуі тиіс. Олар ең алдымен ауыл шаруашылығы өндірісін жандандыруға, жастарға мүмкіндік беруге, шағын фермерлік шаруашылықтарды қолдауға бағытталады. Жерге мұқтаж азаматтар, ауылда тұрақтап еңбек еткісі келетін жас мамандар, шынайы жұмыс істей алатын шаруалар – басымдық осы санаттарға беріледі.

Бұл бастама тек экономикалық емес, әлеуметтік тұрғыдан да маңызды. Жерді тиімді басқару ауылдық өңірлерде жаңа жұмыс орындарын ашуға, халықтың табысын арттыруға ықпал етеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі көбейіп, ішкі нарықтың қажеттілігі қамтылады. Демек, халықтың әл-ауқаты артып, елдің азық-түлік қауіпсіздігі нығаяды.

Сондықтан жер мәселесі – қысқа мерзімді шара емес, ұзақ мерзімді стратегиялық саясат. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі жүргізіп, әрбір азамат жер байлығының ел игілігі үшін жұмсалып жатқанын нақты сезінуі үшін барлық жағдайды жасаймыз. Жер – ұлттың аманаты, ал оны дұрыс игеру – ортақ парызымыз.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *