Он бірінші бөлім «Қорытынды және өтпелі ережелерге» арналған. Бұл бөлімде жаңа Конституцияның күшіне ену мерзімі мен бұрын қабылданған заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілердің қолданылу тәртібі айқындалған.
Үкіметке, орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға жаңа Конституцияға сәйкестендіру мақсатында нормативтік құқықтық актілерді қайта қарау және қажетті шараларды қабылдау міндеті жүктелген.
Сонымен қатар, Конституция күшіне енген уақытқа дейін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қабылданған Конституциялық Кеңес пен Конституциялық Соттың нормативтік қаулылары Конституцияға қайшы келмейтін бөлігінде заңды күшін сақтайтыны көрсетілген.




