Сіздер – еліміздің жарқын болашағы, тәуелсіз Қазақстанның тірегі, үміті мен сенімі. Әрбір елдің келешегі оның жастарының ой-өрісіне, білім-білігіне, табандылығына, патриоттығына және еңбекқорлығына тікелей байланысты. Сондықтан да жастар – тек қоғамның бір бөлігі емес, ол – қоғамды алға сүйрейтін басты қозғаушы күш.
Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап жастарға ерекше көңіл бөлініп келеді. Елбасымыздан бастап, қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев та жастар саясатын мемлекет дамуының стратегиялық бағыты деп атап көрсетіп келеді. Бұл – бекер емес. Қазіргі жаһандану дәуірінде білімді, жаңашыл, ұлтжанды, бәсекеге қабілетті жастарсыз елдің дамуын елестету мүмкін емес.