Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың бойындағы отансүйгіштік пен болашаққа деген шынайы ұмтылысты жоғары бағалайды. Мемлекет басшысы:
«Өскелең ұрпақтың бойындағы патриотизм – болашаққа деген шынайы ұмтылыс. Бұл – қоғам санасында болып жатқан өзгерістің айқын көрінісі. Мен мұны толығымен қолдаймын. Жастардың күш-жігеріне, олардың дарыны мен біліміне сенемін», – деп атап өтті.
Бұл сөздер жас буынның жауапкершілігін арттырып қана қоймай, олардың қоғамдағы орнын айқындайды. Елдің дамуы мен өркендеуі – білімді, дарынды әрі отаншыл жастардың қолында.
Сәтбаев қаласының әкімдігі жастардың бастамаларына әрқашан қолдау көрсетіп, олардың әлеуметтік және рухани тұрғыдан дамуына жағдай жасауды басты міндеттердің бірі деп санайды.