*«Заң мен тәртіп» апталығы аясында жастарға құқықтық сауаттылық түсіндірілді*
Ұлытау облыстық Жастар ресурстық орталығы «Заң мен тәртіп» апталығы аясында халық көп шоғырланған орындарда ақпараттық-насихаттық акция ұйымдастырды. Шараның негізгі мақсаты — қоғамда заңға деген құрметті арттыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын күшейту болды.
Акция барысында орталық мамандары мен еріктілер қала тұрғындарына ақпараттық үнпарақтар таратып, құқықтық кеңестер берді. Түсіндіру жұмыстары азаматтардың өз құқықтары мен міндеттерін білуіне, күнделікті өмірде заңды дұрыс қолдануына бағытталды.
Іс-шара жастардың белсенді қатысуымен волейбол ойынымен жалғасын тапты. Бұл бөлім қатысушылардың сергектігін арттырып, командалық рухты нығайтты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға оң әсер етеді.
Жастар ресурстық орталығы алдағы уақытта да осындай танымдық әрі белсенділікке негізделген іс-шараларды жалғастыра беретінін жеткізді.
