Жасанды интеллект – жаңа технологиялық дәуірдің кілті

Жаңалықты бөлісіңіз:

 

Әдетте мемлекет дамуының бағдарын айқындайтын Жолдауларда ел ішіндегі мәселелер мен жоспарлар да, халықаралық жағдай мен сыртқы саясаттағы ұстаным айтылатыны бар. Биылғы Жолдауда да Мемлекет басшысы инвестиция, цифрландыру, жасанды интеллект, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, транзит, су шаруашылығы қатарлы көптеген мәселе қамтылды. Сонымен қатар саяси реформалардың келесі кезеңінің қандай сипатта болуы мүмкін екені айтылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы 7 бағыттан тұрады. Мұнда елге керекті өзекті мәселелердің шешу жолдары қамтылған. Президент Үкіметке қаражатты шикізат саласына бұра бермей, өңдеу ісіне бетбұрыс жасауды, ірі инвесторлармен қатар орта және шағын инвесторлармен тығыз байланыста жұмыс істеуді тапсырды. Бұл инвесторлармен бытыраңқы қарым-қатынасты реттеуге мүмкіндік береді. Себебі бізде инвестор тарту бар да, байланысты мығым ұстап тұру қалыптаспаған. Үкімет инвестиция тарту жүйесін түгел жаңғырту жөніндегі нақты іс-шаралар жоспарын мейлінше қысқа мерзім ішінде әзірлеуі тиіс. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Қазақстанда бір палаталы Парламент құру туралы ұсынысы – еліміздің саяси жүйесіне елеулі өзгеріс әкелетін бастама. Әлемдік тәжірибеге қарар болсақ, бір палаталы Парламент көптеген елде бар. Мысалы, Финляндия, Дания, Венгрия, Жаңа Зеландия сияқты мемлекеттерде бір ғана палата жұмыс істейді. Мұндай жүйе заң қабылдауды жеңілдетіп, артық шығындарды қысқартады. Сонымен қатар бюрократияны азайтып, заң шығару процесін жеделдетеді. Бүгінде әлемдік даму бағыты толықтай цифрландыру мен жаңа технологияға негізделіп отыр. Жасанды интеллект (ЖИ) – тек ІТ саласына емес, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, білім, көлік және қаржы секторына да үлкен өзгеріс әкелуде. Президенттің тапсырмасы дер кезінде берілді. Өйткені жасанды интеллект – ертеңгі күннің емес, бүгінгі күннің шындығы. Сондықтан Қазақстанда жасанды интеллектіні дамытуға барлық жағдай жасалуы тиіс. Әсіресе, заңнамалық тұрғыда реттеу, кадр даярлау, ғылыми-зерттеу жобаларын қолдау бағытында нақты шаралар қажет. Бұл – еліміздің болашағына салынған инвестиция. Жалпы алғанда, Президент Жолдауында көтерілген мәселелер – Қазақстанның болашағы үшін стратегиялық бағыттар болып табылады. Жасанды интеллект – жаңа технологиялық дәуірдің кілті, мамандарды сақтау және тарту – экономиканың тұрақты дамуының негізі, Парламент реформасы – саяси жүйені жаңғыртудың жаңа кезеңі.

Жангүл Мырзаханқызы Қонқашова, Ақселеу Сейдімбек атындағы жалпы білім беретін мектебінің директорының міндетін атқарушы МТ

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *