– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында жасанды интеллект технологияларын дамытуға ерекше назар аударды. Бұл – еліміздің ғылым мен инновация саласында жаңа деңгейге көтерілуінің кепілі.
Жасанды интеллект білім беру, денсаулық сақтау, өндіріс және мемлекеттік басқару салаларында тиімділікті арттырып, халықтың өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының бұл бастамасы – заманауи технологияларды игеру арқылы Қазақстанның бәсекеге қабілетті елге айналуына бағытталған маңызды қадам.