ЖАҢА ҚОРШАУЛАР ОРНАТЫЛУДА

Жаңалықты бөлісіңіз:

Футбол алаңдарының қоршаулары жаңартылуда. Бұған дейін алаңдарда орнатылған 3D үлгісіндегі металл қоршаулар уақыт өте келе сапасы төмен болып, мықтылығын жоғалтқан еді. Осыған байланысты биыл бұрын орнатылған 20 футбол алаңындағы ескі металл қоршауларды толық ауыстыру жоспарланған.

Балалардың және жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ескі торлар алынып тасталды. Қазір жаңа, сапасы жоғары және ұзақ мерзімге шыдамды қоршаулар орнатылып жатыр. Сонымен қатар, доптардың алаң сыртына ұшып кетпеуі үшін үстіңгі бөлікке де қосымша тор тартылуда.

Аталған жұмыстарды «Жуалы жастары» жастар қоғамдық бірлестігі атқарып жатыр. Мердігер ұйым шілде айының соңында іске кірісіп, жұмыстарды ағымдағы жылдың 15 қазанына дейін толық аяқтауды жоспарлап отыр.

Біздің басты мақсатымыз – балалар мен жастардың спортпен қауіпсіз әрі қолайлы ортада айналысуына жағдай жасау.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *