Дөңгелек үстел жұмысын Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Д. Мұхан ашып, жүргізіп отырды. Ол 2026 жылғы 11 ақпанда қала әкімі М.Бөрібаевтың Қаулысымен құрылған Ақсақалдар Кеңесінің міндеттері мен өкілеттіктері туралы кең түсінік берді.
Дөңгелек үстел барысында «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Д.Нәшкенова биылғы жылға бағытталған жұмыс жоспарымен таныстырды.


Сәтбаев қаласы ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі А.Құрақбай, Сәтбаев қаласы әкімдігі жанындағы ҚХА Ақсақалдар Кеңесінің төрағасы Ө. Ахметов, Кеңес мүшелері Ж. Мұңсызбаев, М. Тілеуов, І.Бейсенбаев, Ө.Құдаспаев, Ш. Қиянбеков, И.Әлкеев , А.Жүгінісов, І. Әбдікәрімов және т.б. өз ойларын ортаға салды.
Олар өз сөздерінде қоғамдағы өзекті мәселелер, ұрпақ тәрбиесі, ұлттық құндылықтарды сақтау және қоғамдық келісімді нығайту бағыттары , Ақсақалдар институтының қоғамдағы рөлі мен жастарға тәлім-тәрбие беру, тағылымды жол көрсету мәселелеріне ерекше назар аударды.
Жиын барысында Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы, Сәтбаев қаласы әкімдігі жанындағы ҚХА Ақсақалдар Кеңесінің белсенді мүшесі , Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Мұса Нақыпбекұлы Тілеуовке туған күнімен құттықтап , иығына шапан жауып, құрмет көрсетілді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар қоғам бірлігі мен тұрақтылығын сақтау жолында барлық мүмкіндіктерді сарқа пайдалануға уағдаласты.




