Бізге берілген тапсырма — игерілмей бос жатқан және заңсыз алынған ауылшаруашылығы жерлерін анықтап, оларды заңға сәйкес кері қайтара отырып, әділ, ашық және тиімді бөлісу. Бұл — тек жерді қайтару ғана емес, ауыл шаруашылығы саласының өркендеуі, отбасылық шаруа қожалықтарының нығаюы және ауылды тұрақтандыру жолындағы маңызды қадам.
Біз жерді тіркеу, құқықтық тексеру және тарихи-құжаттық негізде зерделеу арқылы заңсыз алынған учаскелерді анықтаймыз. Керекті жағдайда жерді мемлекетке қайтару немесе жерді заңды иелеріне қайта беру үшін барлық құқықтық рәсімдер жүзеге асырылатын болады. Жерді бөлуде приоритет — белсенді әрі тұрақты еңбек ететін шаруа қожалықтарына, жастарға және ауыл деңгейінде экономикалық тиімді жобаларға беріледі.