Қазақстан жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) бойынша Орталық Азия елдері арасында бірінші орынға шықты. Халықаралық валюта қорының деректеріне сәйкес, ел Ресей мен Қытайды да басып озған.
2025 жылы Қазақстандағы жан басына шаққандағы ЖІӨ 14 770 долларды құрады. Бұл Ресейдегі 14 260 доллар және Қытайдағы 13 690 доллар көрсеткіштерінен жоғары.
Өңірде Қазақстан басқа елдерден айтарлықтай алда. Түрікменстанда бұл көрсеткіш 13 340 доллар болса, Өзбекстанда — 3 510, Қырғызстанда — 2 750, ал Тәжікстанда — 1 430 доллар.
Қазақстан ТМД елдері арасында да көш бастап отыр. Ел Грузия, Армения, Молдова, Беларусь, Әзербайжан және Украинаны артта қалдырды.
Сарапшылардың айтуынша, мұндай нәтижеге пайдалы қазбалардың мол қоры мен энергия ресурстары экспорты ықпал еткен. Сонымен қатар, елде соңғы жылдары өңдеу өнеркәсібі мен жоғары қосылған құны бар өнім өндірісі дамып келеді.




