Заң және тәртіп!

Жаңалықты бөлісіңіз:

Судьялардың заңға және кәсіби сенімге негізделген шешім қабылдау құқығына қол сұғылмайды. Олардың қызметі құзыреттілікке, тәуелсіздікке, объективтілікке, ашықтыққа, адалдыққа негізделген. Нақты адамның тағдыры, халықтың мемлекетке деген сенімі осыған байланысты екенін судьялар түсінеді. Сот үкімін шығарған кезде ешкімнің – атқарушы органдардың да, жоғары басшылықтың да қысым көрсетуге құқығы жоқ. Жеке азаматтар, коммерциялық ұйымдар немесе мемлекеттік институттар арасындағы дауда тараптардың ешқайсысының артықшылығы болмайды.

Сот төрелігінің әділ жүзеге асырылуы – құқықтық мемлекеттің негізі. Судьялар шешім шығару кезінде тек Конституция мен заңдарға ғана сүйенуі тиіс. Олардың тәуелсіздігіне қол сұғу – құқықтық тәртіп пен әділеттілік принциптерін бұзу болып табылады. Сондықтан судьялардың беделін түсіруге, олардың жұмысына заңсыз араласуға жол берілмейді.

Сонымен қатар, сот жүйесінің ашықтығы мен есептілігі қоғамның сенімін нығайтудың маңызды факторы болып табылады. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында сот шешімдерінің әділдігі мен заңдылығына кепілдік берілуі тиіс. Судьялар кез келген ықтимал мүдделер қақтығысынан аулақ болуы керек және өз қызметінде адалдық пен бейтараптық танытуға міндетті.

Тәуелсіз, бейтарап және әділ сот билігі – азаматтардың заң алдындағы теңдігін қамтамасыз етудің кепілі. Сондықтан судьялар өз шешімдерінде заң талаптарын бұлжытпай орындап, қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілікті терең сезінуі тиіс.

Салтанат Жакенова, «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ-нің әдіскері

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *