Заң және тәртіп!

Жаңалықты бөлісіңіз:

Азаматтардың құқықтарын қорғау жолында маңызды қадам

Бас прокуратура мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжат еліміздегі құқық қорғау тетіктерін одан әрі жетілдіруге және азаматтардың конституциялық кепілдіктерін нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Қазіргі таңда Бас Прокурор тергеу сатысында меншік құқықтарының конституциялық кепілдіктерін және азаматтардың өзге де құқықтарын сақтау мәселелері бойынша Конституциялық Сотқа жүгіну өкілеттігін белсенді түрде пайдалануда. Бұл құқық қорғау органдарының жұмысын жаңа деңгейге көтеріп, заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Аталған меморандум аясында тараптар азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша өзара іс-қимылды күшейтіп, заңнаманы жетілдіруге, құқықтық тетіктерді дамытуға және құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған бірлескен шараларды жүзеге асыратын болады.

Құқық үстемдігі – әділетті қоғамның негізі. Мемлекеттік органдардың осы бағыттағы бірлескен жұмысы әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Нұрсұлу Абильдинова, жеке кәсіпкер

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *