Нидерландтарда екі жыл бұрын мектептерде смартфон қолдануға тыйым салынды. Бұл шешім оқушылардың назарын алаңдататын факторларды азайту, зейінін арттыру және оқу үлгерімін жақсарту мақсатында қабылданған.
Содан бері смартфондар, ақылды сағаттар және планшеттер сыныптарда ғана емес, мектеп дәліздері мен асханаларында да қолданылмайды.
Қазіргі таңда Нидерланд үкіметі бұл шараларды одан әрі күшейтуді жоспарлап отыр. Олар 16 жасқа дейінгі балаларға кейбір әлеуметтік желілерді пайдалануға шектеу енгізбек. Билік Instagram, TikTok және Snapchat сияқты қосымшаларға Еуропа бойынша 15+ жас шектеуін енгізуге шақырып отыр.




