Марафонда әр сағат сайын халықаралық және отандық сарапшылардың қатысуымен брифингтер, дискуссия алаңдары ұйымдастырылады және қатысушылар «ашық микрафон» алаңында түрлі тақырыптар бойынша пікір алмасады.
Әр сағат сайын дискуссия алаңында талқыланатын тақырыптар:
- «Алдымен экономика және саясат»
- «Телеарна және интернет: көрермен мен жарнама үшін күрес»
- «Қайырымдылық пен қамқорлық: Сәбит пен Сағит оқиғасы»
- «Фейк ақпаратты тарату кімге тиімді?»
- «Жаһандану VS оқшаулану»
- «Саясаттағы әйелдер рөлі»
- «Балаларға қарсы кибербуллинг»
- «Жаңа ұрпақ – жаңа сана» тақырыптары талқыланады және бұл талқылаулар республикалық телеарналар эфирінен тікелей эфирде көрсетіледі.
«Ашық микрофон» айдарында марафонға қатысушылар журналистер сауалына жауап береді.




