Біздің елімізде заң және тәртіп негізіне құрылған жоғары құқықтық мәдениет қалыптасуда. Азаматтарымыз заңдарды жақсы біліп, үнемі зерттеп, және оларды қатаң сақтауға мән береді. Бұл құқық бұзушылыққа деген иммунитетті күшейтеді және сот және құқық қорғау органдарымен конструктивті диалог жүргізуге мүмкіндік береді.
Мемлекет құқықтық сауаттылық пен сана-сезімді тереңдетіп, кеңейту жолында үздіксіз жұмыс істеуде. Біздің бірлескен күш-жігеріміз ел болашағының кепілі болатынына сенемін. Тәртіп пен зейін сақтай отырып, біз жарқын және қауіпсіз қоғамды бірге қалыптастырамыз.
Байзаққызы Лаура, ішкі саясат бөлімінің маманы