ЕСКЕ АЛУ
Гүлсім КӨЖЕКБАЙҚЫЗЫ
(Руы – Арғын Тұңқатар, Қуат – Жанжігіт Тоғай келіні,
Садық қажы Жанқұтовтың зайыбы )
Аяулы жар, ардақты ана Гүлсім Көжекбайқызын сұм ажал арамыздан алып кеткеніне бір жыл болыпты. Сағына еске ала отырып, топырағы торқа, жаны жаннатта нұрлансын деп Алладан тілейміз!
Анажан, ортамызда болдың дана.
Жамандық ойламаушы шы едің ешбір жанға.
Амал не, жоқсың енді арамызда.
Сағындық, ойсырайды орның дара.
Анашым, ұл-қызыңның тірегі едің.
Әкемізбен жарқылдап жүріп едің.
Сол бір сәттер, бақытты шағымыз да,
Айтқан сөзің, шат күлкің жадымызда.
Жыл толды алып жүрек тоқтағалы,
Жыл толды анамызды жоқтағалы.
Аяулы асыл жанның нұр бейнесі,
Жүректерде мәңгілік сақталады!
***
Аяулы жар, ардақты анамыз Гүлсім Көжекбайқызының дүниеден өткеніне жыл толуына орай жылдық асы Сәтбаев қаласы, «Royal Rose» мейрамханасында (2 қабат), 2026 жылғы 7 ақпан күнәі, сағат 12.00-де беріледі.
Еске алушылар: жары – Садық, қызы, күйеу баласы, немерелері, туған-туыстары




