Эльмира Массалиннің кезекті жетістігі — ел мерейін асқақтатқан маңызды оқиға. Ол «Миссис Қазақстан» байқауында II орын иеленіп, тек сұлулық пен парасаттылықтың ғана емес, қайсарлық пен табандылықтың да символына айналды.
Эльмира Массалин — Қазақстан Республикасында паралимпиялық спорт түрлері бойынша ел намысын қорғап жүрген бірегей спортшылардың бірі. Ол халықаралық аренада ел атынан жалғыз қатысып, үлкен жауапкершілікті абыроймен атқарып келеді. Сонымен қатар, ол паралимпиялық спорттың жаттықтырушысы ретінде де жас спортшыларды тәрбиелеуге зор үлес қосуда.
Бұл жетістік — оның қажырлы еңбегі мен мықты ерік-жігерінің айқын дәлелі. Эльмираның өмір жолы көптеген жандарға шабыт сыйлап, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін үлкен мотивация көзіне айналып отыр.
«Миссис Қазақстан» байқауындағы жүлделі орын — оның жан-жақты дамыған тұлға екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл тек жеке жетістік емес, сонымен бірге еліміздегі паралимпиялық спорттың дамуына деген қоғам назарын арттыратын маңызды қадам.

Эльмира Массалиннің бұл табысы — жаңа белестерге бастар жарқын бастама. Алдағы уақытта да оның биік шыңдарды бағындырып, Қазақстанның абыройын асқақтата беретініне сенім мол.




