Қалаға кірген әрбір тұрғын мен қонақ үшін алғашқы әсердің маңызы зор. Себебі қала келбеті ең алдымен оның кіреберісінен басталады. Осыны ескере отырып, қала аумағында «Жасыл дәліз» атты ауқымды жоба жүзеге асырылуда.
Жобаның басты мақсаты – қала кіреберісін көркейтіп, экологиялық жағдайды жақсарту және тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру. Аталған жоба аясында қала кіреберісінен бастап PETROL жанармай бекетіне дейінгі аумақ толықтай абаттандырылып, әсіресе өндірістік аймақ маңы жасыл желекпен көмкеріледі.
Жоспарға сәйкес, аумақ үш бөлікке бөлініп, кезең-кезеңімен көгалдандырылады. Сонымен қатар заманауи суару жүйесі орнатылып, отырғызылған жасыл желектің күтімі жүйелі түрде қамтамасыз етіледі.
Жалпы жоба аясында 1 484 түп ағаш отырғызу көзделген. Оның ішінде:
400 түп қарағаш
200 түп ақ терек
400 түп ясень
284 түп айлант
200 түп платан
Бұл бастама өндірістік аймақтарды жасыл белдеумен қоршап, қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қала эстетикасын жақсартып, тұрғындар мен қонақтар үшін жағымды әсер қалыптастырады.
«Жасыл дәліз» жобасы – қаланы көркейтуге бағытталған маңызды қадам. Таза ауа, жасыл желек және жайлы орта – бұл әрбір тұрғын лайықты өмір сүру сапасының негізі.




