Ұлытау облысы Алматы қаласында өткен «Туризм және саяхат» атты 24-ші Қазақстандық халықаралық көрме — KITF 2026-ға қатысып, өңірдің туристік әлеуеті мен саланы дамыту мүмкіндіктерін таныстырды.
Көрме аясында Ұлытау облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен «ҰЛЫТАУ» ӘКК бірқатар іскерлік кездесулер өткізіп, нәтижесінде туристік агенттіктермен меморандумдарға қол қойды. Бұл құжаттар ішкі туризмді дамытуға, өңірдің туристік әлеуетін ілгерілетуге және шетелдік туристерді тартуға бағытталған.
🤝Сондай-ақ облыстың туристік аймақтарында және Жезқазған қаласында кемпингтер мен глэмпингтер салу жобаларын жүзеге асыру бойынша келісімдерге қол жеткізілді.
Көрмеге қатысу Ұлытау облысын болашағы зор туристік бағыт ретінде танытудағы маңызды қадам болды.
#СПКҰЛЫТАУ
#ТуризмдіДамыту




