Ұлытаулықтар XII Азаматтық форумға қатысты

Жаңалықты бөлісіңіз:

Ұлытаулықтар XII Азаматтық форумға қатысты

2025 жылғы 15–16 қазан күндері Астанада Қазақстанның XII Азаматтық форумы өтті – бұл мемлекет, азаматтық қоғам, бизнес, халықаралық ұйымдар мен медиа өкілдерін біріктіретін басты диалог алаңы.

Форум «Әділетті Қазақстан: азаматтық қоғам мен мемлекеттің ынтымақтастығы» тақырыбында өткізіліп, жылдың ең маңызды қоғамдық даму және мемлекет пен азаматтар арасындағы диалог саласындағы оқиғасына айналды.

Екі күн бойы ондаған алаң ұйымдастырылып, жүздеген спикер баяндама жасап, мыңдаған идеялар айтылды.
2025 жылғы 15 қазанда сағат 9:30-дан бастап «Radisson Hotel Astana» қонақ үйінде 20-дан астам пікірталас және сараптамалық алаң жұмыс істеді. 16 қазан күні Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Қырықбаев Арман Оразбайұлының қатысуымен пленарлық отырыс өтті.

Форумға Ұлытау облысынан 27 қоғамдық кеңес және үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты. Шара барысында «Ұлытау қайырымдылық қоры» қоғамдық қорының төрағасы Ерищев Ерлан Сайлаубайұлы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қайырымдылық үшін» төсбелгісімен марапатталып, «Дара жүрек» қоғамдық қорының төрағасы Балқыбаева Толқын Қанатқызы Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақының «Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау» номинациясын иеленді.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *