30 мамыр күні «Халық заңгері» жалпы республикалық тегін құқықтық кеңес беру акциясы басталады!
Іс-шара өтетін орындар:
▪️ Жезқазған қаласы – Жастар ресурстық орталығы, Бейбітшілік даңғылы 26/1
▪️ Сәтбаев қаласы – ХҚКО ғимараты, Сәтбаев даңғылы 111
▪️ Қаражал қаласы – Мәдени саулық орталығы, Абай көшесі 10
▪️ Жаңаарқа ауданы – ХҚКО ғимараты, Тәуелсіздік көшесі 23
▪️ Ұлытау ауданы – ХҚКО ғимараты, Абай көшесі 23
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін ұсыну.
Кез келген азамат еліміздің үздік заңгерлерінен:
▪️ адвокаттардан
▪️ нотариустардан
▪️ прокурорлардан
▪️ тергеушілерден
▪️ сот орындаушыларынан
▪️ мемлекеттік орган өкілдерінен
тегін құқықтық кеңес ала алады.
Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі.