Жаңа Конституция жобасы азаматтардың цифрлық деректерін қорғауды және ақпараттық қауіпсіздікті күшейтуді көздейді. Құжатта жеке өмірге қол сұқпаушылық, дербес мәліметтердің қорғалуы және заманауи технологиялар жағдайында құқықтардың сақталуы басты назарға алынған.
Республикалық референдум өткізу туралы шешімге Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Бұл туралы Ақорда ресми түрде хабарлады.
Аталған бастама елдің конституциялық дамуын жалғастыруға, цифрлық трансформация кезеңінде мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және азаматтардың құқықтық қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған.




