Ұлытау облысында жасанды интеллект жобалары өңірлік дамуға серпін беруде
Бүгінгі таңда жасанды интеллект (ЖИ) ақпараттық технологияның ең қарқынды дамып келе жатқан және әлемдік экономиканы өзгертуші саласы болып саналады. Ол – болашақтың емес, бүгіннің технологиясы әрі әрқайсымызға қолжетімді құралға айналды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы дәстүрлі Жолдауында жасан ды интеллектке басымдық беріп, Қа зақстанның цифрлық жаңғыру бағы тын айқындап берді. Бұл – уақыт тала бы әрі елдің жаһандық технологиялық бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басты шарты.
Соңғы жылдары елімізде «Цифр лық Қазақстан» мемлекеттік бағдар ламасы аясында IT-инфрақұрылым кеңейіп, интернет қолжетімділігі мен цифрлық қызмет сапасы артты. Осы бағдарламаның арқасында: Мемлекеттік қызметтер элек тронды форматқа көшірілді; Халықтың цифрлық сауатты- лығы артты; IT-мамандардың жаңа буыны қа лыптасты; Технологиялық стартаптар мен инновациялық жобалар дами бастады.
Бүгінде бұл тәжірибе жасанды ин теллектті денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы, көлік, энергетика және бизнес салаларына кеңінен ен гізуге мүмкіндік беріп отыр.
Жезқазған қаласында жол инфрақұрылымын цифрландыру жобасы іске қосылып, жасанды интеллект көмегімен жолдардағы шұңқырлар мен ақаулар автоматты түрде анықта луда. Жүйе жиналған деректерді тал дап, жол белгілерін орнату және жөн деу жұмыстары бойынша нақты ұсы ныстар енгізеді. Бұл қаладағы көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттырып, жөндеу жұмыстарын тиімді жоспар- лауға мүмкіндік береді.
Қауіпсіздік саласында VisionGuard-AI бейнемониторинг жүйесі ерекше назар аудартуда. Ол 11 әлеуметтік ны санда орнатылып, қоғамдық орындар дағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, «109 бірыңғай байланыс орталығында» Mindia мета-платформасы енгізіліп, азаматтардың өтініштері мен хабар ламаларының өңделу жылдамдығы артты. Жүйе тапсырмаларды автомат тандырып, операторлардың жұмысын жеңілдетіп, тұрғындардың өтініштері не жедел әрі сапалы жауап беруге мүм кіндік беріп отыр. Жаңа «Протокол» жүйесі кеңес пен жиындардың аудио жазбаларын мәтінге автоматты түрде түрлендіреді, бұл құжат айналымын жылдамдатып, хаттамалық жұмыстар ды жеңілдетеді. Ал жасанды интеллект негізіндегі аудармашы мемлекеттік құ жаттарды қазақ және орыс тілдеріне жоғары сапада аударады, іс жүргізу процесін оңтайландырады.
Ұлытау Хаб базасында Scout AI, DocGuard AI, Talapker AI және WorkClock сияқты инновациялық жо балар әзірленіп, құжат айналымы, білім және еңбек өнімділігін арттыру ба- ғытында тиімді шешімдер енгізілуде. Облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Ермек Жазылханұлының айтуынша, жасанды интеллект пен цифрландыру өңірдің дамуына жаңа серпін беріп, мемлекет тік қызметтердің сапасын арттыруға зор ықпал етеді. Оның сөзінше, жасан ды интеллект – аймақтың болашағын айқындайтын стратегиялық бағыт, ал жаңа технологияларды халық игілігі үшін тиімді пайдалану басты мақсат болып табылады.
Ұлытау облысында цифрландыру мен жасанды интеллектке негізделген жобалардың жүзеге асы рылуы өңірді ақылды технология лар аймағына айналдыруға бағыт талған нақты қадам саналады. Мұн- дай бастамалар елдің цифрлық транс формациясын жеделдетіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жасанды интеллект дәуіріндегі дамуға қатысты стратегиялық тапсырмаларын жүзеге асыруға жол ашады.
Ізтөлеу БЕКЕНҰЛЫ, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы.
Ұлытау облысында жасанды интеллект жобалары өңірлік дамуға серпін беруде
