Ұлытау облысында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлік жүгірісі–2025» марафоны өтті

Жаңалықты бөлісіңіз:

Ұлытау облысында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлік жүгірісі–2025» марафоны өтті

1 мамырда Ұлытау облысында Қазақстан халқының бірлігі күніне және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған республикалық «Бірлік жүгірісі–2025» марафоны өтті.

«30 жыл бірлік – 30 жыл Ассамблея» ұранымен ұйымдастырылған ауқымды шараға 200-ден астам адам қатысты, деп хабарлайды Ұлытау облысының әкімдігі.

Жүгіру Алашахан даңғылының бойымен өтті. Шараға әртүрлі жастағы және ұлт өкілдері, соның ішінде кәсіби спортшылар мен салауатты өмір салтын ұстанатын тұрғындар қатысты.

Бүгін ұлытаулықтармен бірге еліміздің 20 өңірінде де марафон қатар өтті. Бұл ауқымды спорттық бастаманың басты мақсаты – ұлттар достастығын, ел бірлігін және салауатты өмір салтын дәріптеу.

— Спорт – біріктіруші күш. Бүгін мен түрлі ұлт пен жастағы адамдармен бірге жүгірдім. Бұл – еліміздегі шынайы достық пен татулықтың белгісі, – деп бөлісті марафонға қатысушының бірі.

Жүгіру бірнеше қашықтық бойынша ұйымдастырылды. Ең кішкентай қатысушылар мен ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін 1 шақырымдық балалар және инклюзивті жарыс өтті. Ал тәжірибелі спортшылар 10 км аралығындағы трассада өз күшін сынады.

Шара соңында марафонға қатысқандар арасында жүлделер ұтысы ұйымдастырылды.

Жүгіру марафоны – Бірлік күніне арналған кең көлемдегі іс-шаралардың бір бөлігі ғана. Ұлытау облысының барлық өңірінде бұл күні концерттер, спорттық жарыстар, көрмелер және мәдени бағдарламалар өтуде.

#birlik2025
#ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *