2025 жылғы 3 қыркүйекте Ұлытау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Анар Қанатқызы Әлжанова балалар мен жасөспірімдер арасындағы буллингтің алдын алу тақырыбында брифинг өткізді.
Спикердің айтуынша, 2022 жылдан бастап «буллинг» ұғымы заңға енгізіліп, 2024 жылдан бері буллинг пен кибербуллинг үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленді. Жасөспірімдерге жасалған іс-әрекетке байланысты айыппұлдар қарастырылған, ал ата-аналар да баласының қауіпсіздігіне жауапты.
Мектептер педагогтары буллинг фактілерін жасырмай, құқық қорғау органдарына хабарлауы тиіс. Бұл үшін де айыппұл көзделген. Сонымен бірге «ДосболLIKE» және финдік KiVa бағдарламалары, мектеп медиациясы сияқты жобалар енгізілуде.
Буллингтің алдын алу – тек заңмен емес, ата-ана, мұғалім, қоғамның бірлескен іс-әрекетімен жүзеге аспақ.