Қазақстанда Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауы – ел дамуының басты бағыт-бағдарын айқындайтын маңызды саяси құжат. Бұл Жолдау тек стратегиялық жоспар ғана емес, ол – халық пен билік арасындағы өзара сенімге негізделген ашық диалогтың айқын көрінісі.
Жолдауда қоғамды толғандыратын өзекті мәселелер көтеріліп, әлеуметтік-экономикалық даму, білім мен ғылым, денсаулық сақтау, қауіпсіздік, заң үстемдігі сияқты негізгі салалар бойынша нақты міндеттер қойылады. Мемлекет басшысы халықтың мұң-мұқтажын, өңірлердегі ахуалды назарға ала отырып, елдің болашағына бағытталған жүйелі шешімдерді ұсынады. Бұл – биліктің халық үнін естуге дайын екенінің дәлелі.
Сонымен қатар Жолдау азаматтардың мемлекет басқару ісіне белсенді араласуына жол ашады. Онда айтылған бастамалар мен реформалар қоғам тарапынан қолдау тауып, бірлескен әрекет арқылы жүзеге асады. Халық үшін түсінікті, ашық әрі нақты мақсаттар қойылуы – сенімді нығайтып, ел бірлігін күшейтеді.
Жолдау – билікке жүктелген жауапкершіліктің өлшемі. Онда берілген тапсырмалардың орындалуы мемлекеттік органдардың жұмыс тиімділігін көрсетеді. Ал халық үшін бұл құжат – өз құқықтары мен мүмкіндіктерін түсінудің, болашаққа деген сенімді арттырудың негізі.
Осы тұрғыдан алғанда, Мемлекет басшысының Жолдауы қоғамды ортақ мақсатқа жұмылдыратын маңызды бағдарлама болып саналады. Онда көрсетілген міндеттер тек бүгінгі күннің мәселелерін шешуге ғана емес, ұзақ мерзімді даму перспективасын қалыптастыруға бағытталған. Әрбір Жолдау еліміздің ішкі және сыртқы саяси жағдайын ескере отырып жасалады, сондықтан ол заман талабына сай үнемі жаңарып отырады.
Жолдауда экономиканы әртараптандыру, кәсіпкерлікті қолдау, инвестиция тарту секілді маңызды бағыттарға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл елдің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етіп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді. Сонымен қатар әлеуметтік саясатқа басымдық беріліп, халықтың әл-ауқатын арттыру, табыс деңгейін көтеру, әлеуметтік осал топтарды қолдау мәселелері нақты тапсырмалар арқылы бекітіледі. Мұның барлығы әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын нығайтуға бағытталған.
Білім беру мен ғылым саласына қатысты бастамалар адами капиталды дамытуға негіз болады. Сапалы білім, заманауи ғылым мен инновация – елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын басты факторлар. Ал денсаулық сақтау саласындағы реформалар халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, ұзақ өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталады.
Жолдауда заң үстемдігі мен қауіпсіздік мәселелеріне ерекше мән берілді. Әділ сот жүйесі, тиімді құқық қорғау органдары және қоғамдық тәртіпті сақтау – азаматтардың мемлекетке деген сенімін күшейтетін негізгі алғышарттар. Бұл өз кезегінде тұрақты әрі қауіпсіз қоғам қалыптастыруға ықпал етеді.
Ел дамуының тұтас жүйесін айқындап, реформалардың сабақтастығын қамтамасыз етеді, қоғам мен мемлекеттің ортақ жауапкершілігін күшейтіп, болашаққа нық қадам жасауға мүмкіндік береді және ұлттық бірлікті сақтаудың берік негізін қалаған Жолдау – мемлекет пен қоғам арасындағы берік байланысты қалыптастыратын, ел дамуын жаңа деңгейге көтеретін алтын көпір. Ол халықтың үні мен биліктің ісін тоғыстырып, ортақ мақсатқа жұмылдыратын маңызды құрал болып қала береді.
Алтынгүл Төлегенова ,
«Aqsham» телеарнасының бас редакторы.



