Бүгін қаламыздың Жастар ресурстық орталығының белсенді жастарының қатысуымен «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық қалалық коалициясының мүшелерінің жұмысы өтті.
Кездесу барысында еліміздің болашағына қатысты маңызды бастамалар талқыланып, азаматтық белсенділікті арттыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және жастардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуы мәселелері қозғалды.
Жастар өз ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын білдіріп, ашық диалог алаңында еркін пікір алмасты. Осындай мазмұнды кездесулер – әділетті әрі прогрессивті қоғам құру жолындағы нақты қадам.
Белсенділік танытқан барлық жастарға алғыс білдіреміз!




