Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков өңір тұрғындарын 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырды.
Өңір басшысы әр азаматтың таңдауы ел болашағы үшін маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, мемлекет тағдырына бейжай қарамай, ортақ жауапкершілік таныту — әрбір азаматтың азаматтық парызы.
— Қадірлі жерлестер!
15 наурыз күні өтетін республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырамын. Әр азаматтың таңдауы – еліміздің болашағы үшін маңызды. Ел тағдырына бейжай қарамай, ортақ жауапкершілік танытып, өз дауыстарыңызды беріңіздер, — деді облыс әкімі.
Айта кетейік, республикалық референдум — ел дамуының маңызды бағыттары бойынша халықтың өз пікірін білдіруге мүмкіндік беретін маңызды саяси науқан. Сондықтан әрбір азаматтың қатысуы қоғам үшін үлкен мәнге ие.




