ТҰРҒЫНДАРҒА ЖАҢА ДЕМАЛЫС ОРНЫ
Қала келбетін көркейтіп, тұрғындардың бос уақытын тиімді әрі жайлы өткізуіне жағдай жасау – басты міндеттердің бірі. Осы мақсатта Ерден көшесінде жаңа аллеяның құрылысы басталды. Бұл аллея тұрғындар үшін таза ауада серуендеп, спортпен айналысып, балаларымен бірге демалатын қолайлы орынға айналмақ.
Жобаға сәйкес аллеяның ұзындығы 250 метрді құрайды. Аумағында қала экологиясын жақсарту мақсатында 120 түп ағаш отырғызылып, әр түрлі формадағы заманауи орындықтар орнатылады. Сондай-ақ тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік беретін 2 үстел теннисі алаңы, түрлі әткеншектер, балаларға арналған ойын құрылғылары мен жаттығу кешендері орналастырылады.
Бұл жұмыстарды мердігер ұйым – «KOZMODROM» ЖШС жүзеге асыруда.
Ерден көшесінде салынып жатқан жаңа аллея тұрғындардың бос уақытын мазмұнды өткізуіне, жастар мен балалардың спортпен және ойын-сауықпен айналысуына, сонымен қатар қала тұрғындарының жайлы ортада серуендеуіне зор мүмкіндік береді.
Қала аумағында жүргізіліп жатқан мұндай игі істер – ортақ еңбегіміздің жемісі. Аллея әрбір тұрғынның сүйікті демалыс орнына айналады деп сенемін.