Мен бұл салада 15 жылдан бері үздіксіз еңбек етіп келемін. Осы уақыт аралығында негізгі жұмыс бағытым – студенттермен жұмыс жасау, олардың кәсіби бағыт-бағдарын айқындауға, өмірлік мақсаттарын нақтылауға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды саналы түрде таңдауына көмектесу болды. Әсіресе, жұмысшы мамандықтарының маңызы мен қоғамдағы рөлін түсіндіру менің кәсіби қызметімнің маңызды бөлігіне айналды. Жұмысшы мамандықтар – ел экономикасының тірегі. Дәнекерлеуші, электрик, механик, құрылысшы, аспаз сынды мамандарсыз бірде-бір өндіріс орны немесе әлеуметтік сала толыққанды жұмыс істей алмайды. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында бұл кәсіптердің беделін арттыру, жастардың қызығушылығын ояту және олардың мүмкіндіктерін кеңінен көрсету аса маңызды. Өз тәжірибемде студенттердің көпшілігі бастапқыда жұмысшы мамандықтарына күмәнмен қарайтынын байқаймын. Алайда тәжірибелік сабақтар, өндірістік экскурсиялар мен нақты табысты мамандардың өмір жолын көрсету арқылы олардың көзқарасы айтарлықтай өзгереді. 15 жылдық еңбек жолымда мен ең басты нәтижені студенттің өзіне деген сенімі артқан сәттен көремін. Жұмысшы мамандықты саналы түрде таңдап, сол салада білікті маман атанып жатқан шәкірттерімді көру – мен үшін үлкен мақтаныш. Бүгінгі таңда жұмысшы маман тек қол еңбегімен шектелмейді, ол – заманауи технологияны меңгерген, үздіксіз дамып отыратын кәсіби тұлға. Жұмысшы мамандықтар жылы – бұл жастарға жаңа мүмкіндік, ал біз, ұстаздар мен тәлімгерлер үшін үлкен жауапкершілік. Алдағы уақытта да студенттерге дұрыс бағыт беріп, ел дамуына үлес қосатын білікті мамандарды тәрбиелеу – менің басты мақсатым болып қала береді.

Поделиться
Похожие статьи

АКТУАЛЬНО
Ұлытау облысында конституциялық реформа мәселелері талқыланды

АКТУАЛЬНО
Қазақстан Республикасының Конституциялық Реформасы

АКТУАЛЬНО
Армия аналардың көзімен: Ашық есік күнінде әскери бөлімдерге 4000-нан астам адам келді

АКТУАЛЬНО