«Мысты өңір» газеті оқырмандарға ыңғайлы әрі заманауи жаңа қызмет түрін ұсынады. Енді басылымға дәстүрлі қағаз нұсқасын үйге алдырмай-ақ, электронды форматта жазылуға мүмкіндік бар.
Жаңа жүйе арқылы оқырмандар газеттің электронды нұсқасын оңай әрі жылдам рәсімдей алады. Ол үшін Kaspi.kz қосымшасындағы Kaspi QR қызметі арқылы төлем жасау жеткілікті. Жазылым рәсімделгеннен кейін газет нөмірлері жыл соңына дейін оқырманның WhatsApp мессенджеріне немесе электронды поштасына тұрақты түрде жіберіліп отырады.
Электронды жазылым құны — бір жылға 5000 теңге. Бұл оқырмандар үшін қолжетімді бағада сапалы ақпарат алудың тиімді жолы болып табылады.
Өңірдің тыныс-тіршілігін, өндіріс саласының жаңалықтарын және өзекті мәселелерін тұрақты түрде жариялап келе жатқан «Мысты өңір» газеті – аймақтың маңызды ақпарат көздерінің бірі. Басылымның жаңа форматтағы қызметі оқырманға қолайлы жағдай жасап қана қоймай, цифрлық дәуір талабына сай дамудың нақты көрінісі болып отыр.
Өңір өндірісінің үнжарғысына айналған басылымға қолдау білдіріп, жаңа форматтағы жазылым мүмкіндігін пайдаланыңыздар!




