Қазақстанда цифрландыруды дамыту аясында «AI Leaders 2026» білім беру бағдарламасы іске қосылды. Жоба Stanford University Human-Centered Artificial Intelligence, OpenAI Academy және Silkroad Innovation Hub қолдауымен жүзеге асып отыр.
Бағдарламаға 150-ге жуық ірі ұйымның басшылары қатысып, жасанды интеллектіні бизнес пен мемлекеттік басқаруға енгізу бойынша тәжірибелік дағдыларды меңгереді. Академиялық жетекшілік Питер Норвиг тарапынан жүргізіледі.
Қатысушылар қатарында Kaspi.kz, BI Group, Kcell сияқты жетекші компаниялар бар.
Оқыту барысында қатысушылар ЖИ-дің теориясынан бастап, нақты бизнес-кейстерге арналған шешімдер әзірлеуге дейінгі толық циклдан өтеді. Жоба өңірде жасанды интеллект экожүйесін дамытуға және жаңа буын көшбасшыларын қалыптастыруға бағытталған.




