Бүгін біз «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына үн қосып, табиғатты аялау жолында нақты қадам жасадық.
🌱 Табиғат — бізге аманат.
Адамзаттың өмірі табиғатпен тікелей байланысты екенін күн сайын сезініп келеміз.
Таза ауа, мөлдір су, көкжелекті орман, құнарлы топырақ — бұның бәрі бізге берілген баға жетпес байлық. Ал сол байлықты сақтау — әрбір азаматтың парызы.
«Таза Қазақстан» — бұл жай ғана сенбілік емес. Бұл — сананы жаңғырту, табиғатқа деген жауапкершілікті арттыру, ұрпаққа үлгі болу.
Қоршаған ортаның жай-күйі – болашақ ұрпақтың өмір сапасы. Егер біз бүгін жерді ластасақ, ертең балаларымыз таза табиғатты тек суреттен көруі мүмкін.
♻️ Бүгін біз ауламызды, көшелерімізді, өзен-көл жағалауын, орман-тоғайларды тазарттық. Бірақ ең маңыздысы – таза сана қалыптастыру.
Тазалық – тек сыртқы ортада емес, ойымызда, көзқарасымызда, мәдениетімізде болуы керек.
💧 Бір бөтелкені жерге тастамау – кішкентай қадам сияқты көрінеді. Бірақ миллиондаған адам солай жасаса – бұл үлкен өзгеріске бастайды.
🔄 Қайта өңдеуге жарамды қалдықтарды бөлек жинау, пластикті азайту, суды үнемдеу – осының бәрі «Таза Қазақстанның» негізі.